Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Баласына бір той жасап бере алмай,
Өтіп кетті өмірден қанша адам", деп әндеткен видео желіде тарады.
Видеода үш қыз баласының "сүндет той" деп жазылған қоржынға ақша жинап жатқаны анық көрініп тұр.
Қызу талқыға түскен видеоға халық түрлі пікірлерін жарыса жазды:
"Қыздарды отырғызып қойып, сүндет той дегені калай кетті", "Сүндеті нес?!", "Адамдар азған заман заман болды. Не деген масқара құрсын, қыздары жалмаңдап ақша жинап сұмдық ұят".
Айта кетейік, бұл той қайда және қай жақта болғаны туралы нақты ақпарат жоқ! Тойға келген қауымның беріп жатқан ақшасы теңге еместігі көрініп тұр.