Сыр бойында ауыл спортшыларының дәстүрлі «Алтын күз» спартакиадасы болды


Оған аймақтың барлық аудандарынан мыңға жуық спортшы қатысты. Олар спорттың 12 түрінен 4 күн бойы жарысты. Нәтижесінде командалық бірінші орынды Жаңақорған ауданының спортшылары жеңіп алды. Келесі екі орынға Сырдария және Шиелі аудандарының құрамалары ие болды.