Осындай көтеріңкі көңіл- күймен басталған іссапарының екінші күнінде мемлекет басшысы Қызылордада бүгін бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты. Қазір Сыр өңірі экономикалық даму көрсеткіші бойынша облыстардың арасында көш соңында тұр. Қойнауы қара алтынға толы болғанымен шешімін таппаған әлеуметтік түйткілдер әлі де жетерлік. Ал Қызылорда болашақта күріштің астанасы деген атағынан айрылып қалуы мүмкін. Өйткені мемлекеттің қаржылай қолдауына қарамастан күріштің бағасы өте қымбат. Елбасы осыны қатал сынға алды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Бұлай болатын болса күрішке берілетін субсиядиняы азайтып, оны мал өсіруге берерміз? Кім біледі... Онан да күрішті Вьетнамнан Қытайдан сатып алайық. Бағасы қымбат күріш кімге керек.