"Сырдария арнасы бойынша да, Достық каналы бойынша да, келіп жатқан су көлемі артқан жоқ. Достық каналы бойынша біз секундына 50 текше метр деп өтініш жібергенімізбен секундына 30 текше метр су келіп жатыр. Ал Сырдария бойынша Шардара су қоймасына секундына бар болғаны 64 текше метр ғана су ағып келуде", - деді А. Омарова.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда су қоймадағы судың көлемі 4 млрд 366 млн текше метр (Жобалық көлемі 5 млрд 200 млн текше метр). Сырдария арнасы бойынша секундына 450 текше метр су кетсе, Қызылқұм каналына секундына 20 текше метр су жіберілуде.
"Оңтүстік су шаруашылығы" РМК мәліметтеріне сүйенсек, таяуда Шардара су қоймасынан жіберілетін судың көлемі азайтылатын болады.
"Су жіберу өтініштері аяқталды. Көктемгі суару жұмыстары да бітті. Ал бақша және көкөніс дақылдарын енді ғана егіп жатыр", - деп хабарлады А. Омарова.
Көршілес мемлекеттердің сумен қамтамасыз етілу жағдайына байланысты қойылған тілші сауалына А. Омарова, өзінің пайымдауынша, ондағы жағдай біздегіден тәуір екенін жеткізді. "Өзбекстанда су бар. Зах, Ханум, Үлкен Келес суға толы. Және де өзінің аумағында Өзбекстан Достық каналы бойынша да өзіне қажетті суды алады. Ал біз қанша қалса, сонша алып отырмыз...", - деді ол.
"Оңтүстік су шаруашылығы" РМК мәліметтеріне сүйенсек, қазір Тоқтағұл су қоймасынан секундына 242 текше метр су жіберілуде (кейде одан көп, кейде аз). Ал Қайраққұм су қоймасынан тұрақты түрде секундына 250 текше метр су жіберіліп жатыр.
А. Омарованың пайымдауынша, өсімдік егетін мезгілде сумен қамтамасыз ету шиеленіседі. "Биыл бізге өсімдік егуге судың 800 млн текше метр шегін белгіледі. Бізге 1 маусымда Достық каналы бойынша әдетте 750-800 текше метр су қажет. Ал біз 200 млн текше метрін пайдаланып қойдық", - деп хабарлады А. Омарова.
Оның айтуынша, сонымен қатар, биылғы жылы бұрын мақта егілген жерлер шайылмай, ал мақтасы егілмей қалғанын да ескеру қажет. Қазір онда бақша дақылдарын егуге тырысуда. Алайда, барлық бос жерлерді пайдаланып үлгермейтін болулары керек.
"Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Қанатбек Оспанбековтің хабарлағанындай, қазір облыста 94 мың гектар жерге мақта егілген. "Жалпы осы маусымда суаратын су көлемінің азаюын ескере келе 165 мың гектар жерге мақта егу жоспарланған. 20 мамырға қарай мақта егу жұмыстары аяқталып қалады деген ойдамын", - деді Қ. Оспанбеков.
Өткен жылдардың мәліметтеріне сәйкес, соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта егілетін жер көлемі тұрақты түрде 200 мың гектар шамасындағы жерді қамтып келген.