Caravan Logo

Сырдария өзеніндегі су мөлшерінің шамадан тыс артуы салдарынан Шардара су қоймасының маңындағы қорғаныс учаскесі су астында қалды

Сырдария өзеніндегі су мөлшерінің шамадан тыс артуы салдарынан Шардара су қоймасының маңындағы қорғаныс учаскесі су астында қалды

Өзен суының деңгейі тәулігіне 15 см-ге шұғыл көтерілуі салдарынан қорғаныс үймектері суы астында қалған. Су шайған алқап 18 метрге жетеді.

Қазір су шайған жерде жол қызметкерлері, механизаторлар мен инженерлік-техникалық мамандар тәулік бойы кезекшілік жасауда. Олар 1550 дана құм салынған қаптар дайындады. Қорғаныс учаскесін одан әрі су шайып кетпеу үшін Шымкенттен темірбетон уатындысын тиеген 16 автокөлік жіберілді.
Жол үстіндегі қозғалыс қалыпты режимде жалғасуда.