Сырдария өзеніне батып кеткен балықшылардың мәйіті табылды

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар дүйсенбі күні балық аулау үшін Сырдария өзеніне қайықпен шығып кеткен болатын. Балықшылар содан қайтып оралмаған соң, туыстары іздеу салған.

28-қазан күні сағат 11:30-да құтқарушылар із-түссіз кеткен қос азаматтың мәйіті судан шығарып алды.