Сырдарияда құны 1,49 млрд теңге плотина салу жобасын жүзеге асыруда


деп хабарлады аталмыш министрліктің баспасөз қызметінен.
Су толтырушы плотина Қызылорда облысында суармалы су тапшылығын жою үшін салынбақ, 2015 жылы онда су дефицит болады, деген болжам бар.
Тоқтағұл су қоймасында су жеткіліксіз болғандықтан су тапшы болуы ықтимал, өйткені ондағы су көлемі 7,3 млрд шаршы метрді құрап отыр, ал жобалық қуаттылығы 19,5 млрд шаршы метр. Тоқтағұл су қоймасындағы судың аздығы Шардара су қоймасын толтыруға және суды Сырдарияға ағызуға мүмкіндік бермейді.
Плотина салу үшін республикалық бюджеттен 2014 жылы 30 млн теңге бөлінген, биыл қосымша 700 млн теңге бөлінген. Қалған 760 млн теңгені келесі жылы бөлу көзделген. Нысанды үш айдың ішінде салып пайдалануға беру жоспарланып отыр.