Сырдарияда сең қозғалды

Дариядағы ұстасқан мұз күннің жылуынан кеше таңертең Түркістан ауданының Балтакөл елді мекені тұсынан Қызылорда бағытына қарай қозғала бастаған. Қазірде Жаңақорған ауданының Қандөз елді мекенінің тұсынан өтіп, Келінтөбе ауылына қарай келе жатыр.

Бүгінгі таңда Шардара су қоймасынан төмен қарай секундына 1000 текше метр босатылса, Көксарай су реттегіші оның 500 текше метрін қабылдауда. Қызылорда су торабынан қазірде секундына 360 текше метр су өтіп жатыр. Мұздың қалыңдығы қала тұсында 46 сантиметрді құраса, Қазалы ауданы тұсында 64 сантиметр боп ұстасып тұр.


Мамандардың айтуынша, дариядағы мұз 20-25 наурыз аралығында Қызылорда қаласының тұсынан өтуі тиіс.