"Сырдарияның жағалауындағы ең қауіпті жерлерден халықты көшіру жөніндегі шешім бойынша 18 ақпан күнгі сағат таңертеңгі 8-дегі жағдаймен 207 адам көшірілді", - деді ТЖМ-іне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті жіберген ақпаратты оқып берген Л. Шапошникова.
Құжатқа сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылынан 19 адам, Түркістан ауданының Қызылшаруа ауылынан 12 , Отырар ауданының Ақкөл және Мирный ауылдарынан тиісінше 148 және 28 адам көшірілген.
"Эвакуация жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес 3 күнге созылады, қазір ахуал бақылау астында", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.