4 жыл болды Жадыра тұңғышын аяғынан тік тұрғыза алмай әлек. Әне-міне мектепке баратын бала тек еңбектей алады. Анасымен де ымдап қана сөйлеседі. Дарынның жүйке жүйесі оңбай зақымдалған екен. Ал жақында ауруына тағы ауру жабыстырып, енді салға эпилепсия қосылған. Күніне 4-5 рет талып қала беретін ұлының жанынан Жадыра бір елі де алыстамайды. Қытайлық дәрігерлер баланы дертінен айықтыруға уәде беріпті. Ота жасату үшін отбасы банктен несие де алған. Бірақ ол қаражат жетпейді. Әлі 4 млн теңге қажет. Сондықтан кісі босағасын паналаған жас отбасы көпшіліктен көмек сұрайды.
Жадыра Қалдыбаева, Дарынның анасы:
-Бізге Қытайға міндетті түрде баруымыз керек. Балама ем өте қажет. Аяғынан тік жүрсе екен дейміз. Ауырмаса екен дейміз. Өтінемін, көмек қолын беріңіздер!
Отбасының байланыс телефоны:
8-775-854-67-94, 8-707-807-83-53