Сырқаттанып қалған Горбачев өкініші туралы айтты


Десе де ауруы асқынғаны болмаса, әзірге өміріне төнер қауіп жоқ. Бұл туралы Горбачев атындағы қордың хатшылары, Мәскеулік дәрігерлердің сөзіне сілтеме жасап, ресми хабарлап отыр. Әйтпесе, Ресей мен Еуропаның кей басылымдарында саяхаткер «өліпті» деген де жаңалық тарап жатқан көрінеді. Ал Михаил Горбачев журналистерге берген соңғы сұхбатында, тек бір нәрсеге өкінетінін айтыпты. Ол – желтоқсанның 10-на белгіленген Ослодағы «Нобель» сыйлығын табыстау салтанаты. 20-шы ғасырдағы адамзат трагедиясына айналған «қызыл империяны» құлатуға және бодандық қамытын киген 14 елдің тәуелсіздік алуына септігі тиген қайраткердің өзі бұл сыйлықты 90-шы жылы алған.