Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Журналистер Сириядағы билік төңкерісі кезінде Қазақстан азаматтарының жағдайы не болады деген сұрақ қойған.
«Сириядағы, жалпы, Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталды деп айтуға болады. Ол жақта жылдар бойы тұрып келе жатқан, тұрмыстағы әйелдер мен балалар бар. Қазір олармен байланыстамыз. Олар кез келген ақпарат құралын пайдаланып, Консулға хабарласа алады. Консул біздің сыртқы істер министрлігіне байланысқа шығады», - деді ол.
Журналистердің нақты неше адам деген сұрағына жауап берген Бақаев «қателеспесем, 33 адам бар. Одан аспайды. Осы 33 кісімен байланыстамыз», - деп жауап берді.