"СЭҚ мүшесі өзіне тиімді кедендік төлемді таңдайды", - деді С. Айсағалиева. Сондай-ақ "кедендік заң бойынша, Сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар әр келі үшін 0,6 еуро төлеуі мүмкін, немесе, басқа қатысушылар сияқты жүк және кеден декларациясын толтырады".
Бұдан бұрын хабарланғанындай, 15 қазаннан бастап кедендік жалпы төлемнің жаңа ставкасы жеңілдетілген түрде енгізіліп, тауар бағасы $10 мың аспайтын 2 тонна жүкті ҚР шекарасы арқылы өткізетін жеке тұлғалар үшін, бір келісі 0,6 еуромен белгіленді.
Қаржы министрлігі Кедендік бақылау қызметінің мәліметтері бойыншы, 15 қазан мен 14 қарашада қазақстан-қытай шекарасында, салмағы 397 тонна тауар 0,6 еуромен 376 млн теңгеге өткізілді. Бір көліктен 2 млн 394 мың теңге өнідіріліп алынды, ал айлық жалпы мөлшері 41 млн теңгеге жетті.
"Бұрын криминалды құрылымдардың қалтасында қалатын қаржы, енді бюджетке құйылды ", -деді С. Айсағалиева.