-This is more a history in the media and, as far as i know, there are no plans to change the country in the near future
Ал бұған дейін Ыдырысов Францияға барған сапарында ел атауының өзгеруіне қатысты әңгімені отандық тілшілердің шығараған сандырағы деген еді. Енді олай «айтпадым» деп азар да безер. Бірақ күтпеген жерден сөзінен айныған Сыртқы істер министрі жалған ақпарат таратты деп айыптаған шетелдік басылымды сотқа бермеймін деп отыр. Айта кетсек, Қазақстан атауын өзгерту тілшілердің сандырағы емес, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы. Ақпан айында Елбасы мемлекет атын «Қазақ елі» деп ауыстыруды, тек алдымен оны тұрғындармен ақылдасуды ұсынған еді.
Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:
-Еліміздің атауын өзгерту туралы сұраққа жауап бергенде «стан» жұрнағы жайында ауыз ашқан жоқпын. Бар болғаны бұл тақырып отандық БАҚ-да қызу талқылануда, бірақ, еліміздің атауы жуырда өзгермейді дедім. Әрі қарай тілшілердің өздері құрастырып алған, олар шығармашылықтың адамдары ғой.