Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов Венгрия СІМ басшысы Петер Сийяртомен кездесуден кейін Кейкі батырдың бейнесін реконструкция жасаған венгр мамандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан.
"Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, венгрлік тарапты, оның басшылығы мен үкіметіне, сонымен қатар керемет венгр мамандарына Кейкі батырдың бейнесіне реконструкция жасағаны үшін алғыс білдіргім келеді", — деді Әбдрахманов баспасөзга арналған бірлескен баспасөз мәслихаты тарысында.
Тамыз айында Сочидегі кездесу барысында сол кезде премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімов ресейлік әріптесіне өтініш білдіріп, Кейкі батыр мен Кенесары хандардың сүйегін қайтаруды сұраған болатын. Медведев өз кезегінде бұл мәселе бойынша көмектесуге уәде берген еді. 6 қазан бейсенбі күні таңертең Кейкі батырдың бас сүйегі Астанаға жеткізлді. Батырдың сүйегі ДНҚ анализін жүргізу және бейнесін қалпына келтіру үшін Венгрияның Жаратылыстану ғылымдары музейінің бас директоры Золтан Коршошке берілді. Кейіннен батырдың бас сүйегі елге қайтарылды.