Бірақ Ақтау порты арқылы Пентагонның бронды көліктерінің тасымалданып жатқанын бұған дейін Ресей мен Әзірбайжанның ақпарат құралдары жарыса жазған еді. Дәлел ретінде Бакуға жеткен техниканы суретке түсіріп алған. Алайда еліміздің Сыртқы Істер министрлігі Шекара қызметі, Қорғаныс министрлігі мен кедендік бақылау комитетіне сұрау салып ондай ақпараттың дәлелденбегенін мәлімдеді. Айтуларынша, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Ақтау портымен сабын мен әжетхана қағаздарын тасымалдауда екен.