Өзбекстан елшісі дереу Сыртқы Істер министрлігіне шақыртылып, оған наразылық нотасы табысталды.
Дипломатиялық дауға жексенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында өзбек шекарашыларының Сырдария өзеніне балық аулауға шыққан 37 жастағы Уәлихан Ахметовты атып өлтіруі себеп. Олар ешқандай ескертусіз оқ жаудырған. Ресми Ташкент болса, Қазақстан азаматтары Сырдарияның өзбектерге тиесілі аумағына өтті деп бет бақтыртпай отыр. Ал ажалдан аман марқұмның досының айтуынша, өзбек шекарашылары қарумен қорқытып, сызықты кесіп өтуді талап етіпті. Бір қызығы балықшылардың біздің сақшыларға көрінбей шекарадан қалай өтіп кеткені белгісіз. Отбасын балықпен асырап отырған марқұм Уәлихан Ахметовтың соңында жары мен 7 баласы аңырап қалды. Отандық дипломаттар бұл істі енді аяқсыз қалдырмайтынына сендіріп отыр.
Алтай Әбибуллаев, ҚР СІМ ресми өкілі:
-Сыртқы Істер министрлігі бұл азаматқа қатысты қолданған қарудың жалпы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық әрі бауырлас қатынасқа қайшы келетінін атап өткім келеді.
Loading...