Сыртқы істер министрлігі шетелге шығатын ел азаматтары үшін арнайы жадынама дайындап шығарды

"Азаматтарымыздың шет мемлекетке барғанда әртүрлі қиындықтардан сақ болуы үшін Сыртқы істер министрлігі қазақ және орыс тілдерінде арнайы жадынама дайындап шығарды",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, жадынамада сапарға қалай дайындалу керектігі, азаматтарымыздың көп баратын шет елдердің елшіліктерінен виза алу тәртіптері, жолда жүргенде көңіл аударатын жайттар мен шет елге барғаннан кейін қандай ережелер мен тәртіптерді сақтау және құрметтеу керек екендігі жазылған.

"Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы халықтың әл-ауқатының жақсаруына әсер етіп, шет елге баратын туристер санының едәуір өсуіне жағдай жасады. Дегенмен, Қазақстан азаматтары шетелдерде болу мерзімінде түрлі елдердің ерекшеліктері мен онда өзін-өзі ұстау ережелерін білмеуге байланысты кейбір қиындықтарға душар болып жатады",- деді ресми өкіл.

"Жадынама СІМ-ның сайтына орналастырып, тиісті мемлекеттік мекемелер мен ведомстволар, үкіметтік емес ұйымдар мен туристік ұйымдар арқылы таратылатын болады",- деді Е.Ашықбаев.