Сырттан тасымалданатын ет,сүт ,жүзім мен шарапқа тиым салынды


Жеуге жарамсыздардың арасында Австралиядан жеткен сиыр еті бар. Өндірушілер кәдімгі сиыр етінің орнына доңыз етін пайдаланып, оны мұқабасына жазбаған. Ол аздай өнім құрамынан ірі қара малдың бұлшық етін өсіруге пайдаланатын «тренболон ацетат» препараты табылды. Мұндай химиялық қоспаны аузына алған адамның қан қысымы жоғарылап, ұйқысыздыққа душар болып, тіпті шашы түсіп қалады екен. Сонымен бірге Ресейде жасалған "Чечил" кептірілген ірімшігіне, сиыр бауырынан жасалған паштетке де тыйым салынып отыр. Онда өнімнің қашан шыққаны және ипорттаушы елдің мекен-жайы көрсетілмеген. Тіпті қазақ тілінде ақпараттар мүлдем жоқ. Сондай-ақ 1-ші маусымнан бастап Италия, Франция, Шотландия, Ресей мен Беларусьтан келген ішімдіктерді сатуға уақытша шектеу салынбақ. Сонымен қатар Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі Перуден келетін жүзімдер де қара тізімге енгізді. Себебі жеміс құрамында зиянкес жәндіктерді жою үшін пайдаланылатын химиялық препарат шамадан тыс көп.