"Сыртымнан өсектеп, түк болмағандай бір дастарханда отырды": Мақпал Исабекова өзін сатып кеткен күйеуі туралы шындықтың бетін ашты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші оқырмандарға жан сырын ақтарды.

"Сатқындық алыстан келмейді. Кейде оның жақында болатыны соншалықты, көрмей, байқамай қалып жатамыз. Сатқындық деген менің әлдекімнен күткен жылулығым, мейірімім емес, ол біреуге өзіңді, ішкі құпияларыңды, сезіміңді, жүрегіңді сеніп тапсырған адам туралы болмақ.

Мені сыртымнан өсектеп, жамандап, сосын түк болмағандай бір дастарханда отыратын адамдар туралы да бәрін білемін... Өз өмірлеріңізді сүре беріңіздер. Себебі, шынайы бақытты адамдар олар әрдайым мейірімді, жақсы адамдар", - деп ағынан жарылды әнші.