Сырым Әуезхан: Қоянбаевтың "Қазақша бизнес" фильмін түсіруі ұлтқа жасаған үлкен пайдасы деп ойлаймын

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Қоянбаевтың "Қазақша бизнес" фильмін түсіруі ұлтқа жасаған үлкен пайдасы деп ойлаймын. Өйткені оған дейін қазақтың кино саласында, қазақ кинотеатрында қазақ тілді киноға бару деген мәселе, қазақ тілді киноның бағасы, қазақ тілді киноның рейтингі жоғары болу деген мәселе кинотеатр басшыларының миларына кіріп шықпайтын. Сондықтан қазақ кинолары әрдайым ыңғайсыз уақытта тұратын. Нұрлан ағамыз өзінің үйін сатса да, бүкіл қаражатын жұмсаса да алғашқы киносын "Қазақша бизнес"  деп түсірді. Ол жеңіл кино болып көрінуі мүмкін, бірақ оның аржағында ол кісі ауылды қалай көрсетеді, ауылды қалай жарқыратып қойғанын көрсетеді. Халқым ояныңдар! Тілге деген, ұлтқа деген махаббатты оятыңдар! Қазақтың тілі де тренд болатын нәрсе. Қазақтың дәстүрі де тренд болады деген ойды бірте, бірте кіргізді", - деп жазды Сырым Әуезхан.


Loading...