Сыздықов насихат науқанына қатысты пікір білдірді

Сыздықов елдің 5 облысында болып, жеке 11 кездесу өткізіпті. Өзге өңірлерде Қазақстан коммунистік халықтың партиясының штаб өкілдері жұмыс атқарған. Сөйтіп, партияның «Әділетті әлеуметтік қоғам» тақырыбына негізделген бағдарламасы толықтай жұртқа таныстырылып шыққан.

Тұрғын Сыздықов, ҚР Президенттігіне үміткер:

- Бүгінгі күнге дейін сайлау науқанына қатысты бірде бір заң бұзушылық болған жоқ. Мен сайлаушылармен кездесіп, біраз облысты аралап келдім. Бірнеше кәсіпорындарда болдым. Адамдардың тұрмысымен таныстым.  

Loading...