Т. Бектеміров: Ауыр атлетикадан 3 алтын алып "жыртамыз" деп жатқанбыз, ендігі үміт Улановта

Бектеміровтың айтуынша Қазақстан құрамасы олимпиада ойындарына 5 ұл, 3 қызды үкілеп алып баруы мүмкін екен.

“Негізі осы Олимпиадада 85, 94 және 105 келіде алтын алып, “жыртамыз” деп жатқанбыз. Ендігі бар үміт 85 келідегі Денис Улановта. Осы жігіт бұйырса алтын алады”, – дейді Тойшан Бектеміров.

“Қазір командада аура жақсы. Әдеттегідей жаттығу жүріп жатыр. Ильядан бастап, Алмас, Жасұланға дейінгі жігіттер жаттығу залында жүр”, – деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық 
төрт олимпиада чемпионының қанынан допинг тауып, сайыстардан уақытша шеттеткен болатын