Т. Нұрқалиев балет әртістерінің XII Халықаралық байқауына қазылық етеді

Байқау әлемдік балеттің ажырамас бір бөлігіне айналды. Балет әртістері мен хореографтардың XII Халықаралық байқауының қазылар алқасының құрамына хореографиялық өнердің танымал қайраткерлер шақырылды. Олардың қатарында ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері, «Астана опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев те бар. Бұл оның байқауға қатысушылардың өнерін алғашқы бағалауы емес.

Халықаралық байқаудың қазылар алқасының жыл сайынғы төрағасы КСРО халық әртісі, белгілі хореограф Юрий Григорович болып табылады.

Байқауда еліміздің намысын «Астана опера» балет театрының келешегінен үміт күттіретін жас солисті Әйгерім Бекетаева қорғамақ.