"Біз агенттіктің қарамағындағы барлық табиғи монополия субьектілерімен кеңес өткіздік. Сол бас қосудың қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды",- деді Б.Сағынтаев.
Сонымен қатар оның айтуынша, бүгін, 5-мамырда "Қазақстан ТемірЖолы" ҰК-ның магистралдық темір жол желілері арқылы жеміс-жидек, көкөніс және ет өнімдерін тасымалдау қызметіне 50 проценттік арзандату коэффицентін қолдану туралы бұйрыққа қол қойылды. "Біздің есебіміз бойынша,бұл қадам азық-түлік өнімдерін тасымалдау құнын 25 процентке арзандатуға жағдай жасайды",- деді агенттік төрағасы. Арзандатылған баға мен мораторий жылдың аяғына дейін сақталады.