Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2008 жылы тарифтерді көтеру жөнінде 87 арызды қарастырды

"Қызмет түрлеріне қатысты тарифтерді 1 қаңтардан және 1 ақпаннан бастап бекіту жөнінде 59 субъектіден 87 арыз келіп түсті ", - деді Н. Алдабергенов.

"Заң талаптарын орындамағаны үшін, 64 тариф қайтарылып, 12 өзгеріссіз қалдырылып, 11 тариф төмендетілсін деген құжат бекітілді ", - деп түсіндірді ол.

Оның мәліметтері бойынша, бүгінгі кезде, "Агенттіктің қаралуына сандық нормативтерін бекіту, шикізатты қолданудың нормаларын анықтау, материалдар мен нормативтік-техникалық шығындарын анықтау жөнінде 70 арыз келіп түскен".

Сонымен бірге табиғи монополияларды реттеу агенттігі " базалық 21 табиғи монополия субъектілерінің заң талаптарын орындау істерін тексере бастады".

"Жалпы биылғы жылы жоспар бойынша 270 табиғи монополия субъектісі тексерілетін болады", - деп атап өтті Н. Алдабергенов.