Табиғи монополияларды реттеу агенттігі электр қуаты бойынша әртүрлі тарифке біртіндеп көшуді жоспарлауда

"Болашақта біз орташа тарифтен біртіндеп бас тартып, әртүрлі тарифке толық көшетін боламыз", - деді Н. Алдабергенов.

Ол ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Алматы мен Астанада әртүрлі тарифтің енгізілгенін еске салды. "Алматыда қазір қолданылып отырған тариф 8 теңге 2 тиын болса, түнгі тариф 3,6 есе арзандатылып, 2,22 теңге болды. Астанада қазір қолданылып отырған тариф 5,42 теңге, ал түнгі тариф 3,9 есе азайтылып, 1,38 теңге көлемінде белгіленді", - деді ол.

"Қазір осындай жұмыс Шығыс Қазақстан облысында дайындалды. Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша Интернет-конференцияда тұрғындардан әртүрлі тарифті енгізу қажеттігі туралы өтініштер келіп түсті", - деді Н. Алдабергенов.