Табиғи монополияларды реттеу агенттігі кәсіпорындарға нормативтен тысқары шығындарды жоюды заңмен міндеттеуді ұсынады

Қазір салалық реттегіштердің іс-қызметіне қатысты мәселелер бойынша заң жобасы жасалуда, онда кәсіпорындарға нормативтен тысқары шығындарды жоюға бағытталған шараларды дәйектеуді міндеттейтін норма қарастырылады", -деді Н. Алдабергенов.

"Сіздерден өтінеріміз : біз кешікпей сіздерге келіп, заңда нормативтен тысқары шығындардың болғаны үшін жауапкершілік қарастырумыз қажет", -деді ол.

Н. Алдабергеновтың мәліметінше, қазір нормативтен тысқары шығындардың деңгейі "электр желілерде 20%, жылу желілерінде - 30% жетеді".

"Мәселен, тек қана бес ірі табиғи монополиялық субьектінің электр желілерінде нормативтен тысқары шығындардың жалпы көлемі 1 млрд 800 млн теңгеден асады", -деді ол.

Алты ірі табиғи монополиялық субьектінің жылу желілеріндегі нормативтен тысқары шығындардың жалпы көлемі "2 млрд 850 млн теңгеден асады".