Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы парамен ұсталды


Мұнша қаржыны лауазымды шенеуніктің кімнен алғанын қаржы полициясы әзірге ашып айтпай отыр. Мәліметтерге қарағанда, агенттік төрағасы ірі кәсіпорындардың біріне «ақылы қолдау» көрсетпек болған. Шенеунік сол ақысының бір бөлігін алып жатқанда қолға түссе керек. Тариф өскенде тілшілердің алдына жиі шығатын 47 жастағы Мұрат Оспанов Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне 2 жарым жыл төрағалық еткенін айта кетейік. Бұған дейін Семей қаласының, Павлодар облысы әкімінің орынбасары сияқты лауазымды қызметтер атқарған.