«2014 жылы 3-шілдеде Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы Мұрат Оспановты тұтқындауға санкция берді», - деп жұма күні Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттік оған табиғи монополия субъектісіне қамқорлық жасау үшін 300 мың доллар пара алды деген айып тақты.
М.Оспанов тергеу изоляторына тоғытылды.