"Таблиги Джамаат" діни бірлестігінің өкілдері болып табылатын Қырғызстанның үш азаматы дін таратушылықпен заңсыз айналысқаны үшін Қазақстан аумағынан қудаланды

"Бішкектен келген шетел азаматтары ҚР "Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер жөніндегі" заңның 4-ші бабының талабын бұза отырып, уәкілетті орган болып табылатын Жамбыл облыстық әкімшілігінде тіркелместен, Жамбыл облысының аумағында дін таратушылықпен шұғылданған", - делінген хабарламада.

Тараз қалалық прокуратурасы Қырғызстанның үш азаматының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің 375-ші бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдады. "Сот аталған тұлғаларды айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартып, ел аумағынан қудаланатын болды", - делінген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті