Табысы жоқ кәсіпкерлер əлеуметтік салықтан босатылды

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Салық заңнамасына түзетулер енгізілгеніне сәйкес, 2018 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар (нотариустар, адвокаттар және т.б.) табыстары болмаған кезде 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.

Бұрын кәсіпкерлердің әрқайсысы мемлекет тарапына ай сайын әлеуметтік салық төлеп тұруға міндетті болған.