деп хабарлады Жамбыл облыстық әкімдігінің туризм, денешынықтыру және спорт басқармасынан.
Таэквондоның 4 данының қара белбеу иегері, «Тимур» кәсіби спорт клубының жетекшісі Руслан Исмазовтың айтуынша, ойынның шарты бойынша, кем дегенде төрт адамнан тұратын екі команда шығыс жекпе-жегінің шеберлігін көрсете отырып, ту үшін күреседі.
«Түрлі түсті формадағы қарсылас командалар алаңның ортасына сапқа тұрады. Әрбір командада қорғауы тиіс аумақ болады, онда тулары орналасады. Қарсыластары туға жекпе-жек арқылы жақындай түсіп, оны иеленуге тырысады. Жарыста жеңсең - бір қадам алға, жеңілсең - бір қадам артқа жасау керек. Бұл ретте тек рұқсат етілген соққылар мен тәсілдерді қолдануға болады, яғни жарақат түсіру қаупі аз», - деп түсіндіреді Р.Исмазов.
Жаңа ойынның авторы «Ордабасының» футболдан да кем түспейтін қызық ойынға айналатынына үмітті. «Ойын кезінде спортшылардың өзара қолдау көрсету сезімі, ерік-жігер, төтенше жағдайларда ойлау қабілетінің жылдамдығы, патриоттық және жауапкершілік сезімдері оянады», - деп есептейді Руслан Исмазов.
Ойынның ережелері суретте көрсетілген «Ордабасы» кітабы шығарылды.