Таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді


Онда сондай-ақ «Құрметті Президент Ю. Нам Кубогы» да сарапқа салынбақ. Бұл байрақты бәсеке спорттың 5 түрлі бағдарламасы бойынша өткелі отыр. Онда спортшылар тул мен спарринг бойынша жекелей, тул бойынша командалық жарыстан және өзін-өзі қорғаудан өзара сайысқа түспек. Спаррингте бозбалалар мен божеткендер 2004-2005, 2002-2003, 2000-2001 жылғылар - 6, 1998-1999, 1996-1997 және 1995 жылдан жоғарғылар - 7 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Түсті белдеуі бойынша 2005 жылдан жоғарғылар бір топқа, ал қара белбеуден І дан иегерлері үш топқа, ІІ дан иегерлері екі топқа, ІІІ дан иегерлері екі топқа, IV дан иегерлері бір топқа бөлінеді. Әрқайсысына ҚР ITF Таэквон-до федерациясының облыстық филиалдары 3 спортшыға дейін қоса алады.