Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алғашқы жарыс күні ерлер 68 кг, 80 кг, ал әйелдер 49 кг, 67 кг дейінгі салмақта жолдамаға таласады.
Ұлттық құрама сапынан ертең тек Батырхан Төлеуғали даянгқа шығады. Ол жеребе тарту кезінде В тобына түсті.
Батырхан бірінші айналымда Акшай Худамен (Үндістан) күш сынасады. Жеңіске жетсе, жартылай финалда оған Индонезия немесе Сауд Арабиясының таеквондошысы қарсылас болады.
Барлығы 80 кг дейінгі салмақта 9 спортшы бар. Бүгін олар ресми салмақ өлшеуден өтті.
Айта кетейік, Қытайдағы жарыс кезінде Париж Олимпиадасының жолдамасына әр салмақта финалға шыққан екі спортшы ие болады.