Тағы 5 науқас коронавирустан көз жұмды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Нұр-Сұлтан қаласы - 1956, 1966, 1942 жылдары туған ер азаматтар, Ақмола облысы - 1955 жылы дүниеге келген әйел адам, Алматы қаласы - 1960 жылы туған ер адам", - делінген хабарламада.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.


Қазақстан бойынша барлығы 118 адам қайтыс болды.