Tengrinews.kz тілшілерінің жазуынша, Бишімбаев пара алды деп айыпталып отыр.
"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлады жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.
ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу қапасына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі
Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Бишімбаевтың сол үшін қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.