Тағы бір мемлекетте жойқын жер сілкінісі тіркелді


24 мамыр күні кешке Индонезияның шығысындағы Малуку провинциясында магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады  Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Елдің Метеорология, климатология және геофизика агенттігінің мәліметінше, Джакарта уақыты бойынша сағат 22:49-да болған зілзала эпицентрі Кепулауан Танимбар ауданынан (Малуку Тенгара Барат регенттігі) солтүстік-батысқа қарай 203 шақырым жерде, гипоорталық теңіз түбіндегі 221 шақырым тереңдікте болған.