Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабаралйды Caravan.kz медиа порталы.
"ТАҒЫ ДА САРБАЗ ӨЛІМІ
Қоқыс жиып ажал құшты. Ақтаудағы 25744 әскери бөлімнің сарбазы Асқар Арашбоев белгісіз жарылыстан қаза тапты. Жанындағы сержант жеңіл жарақаттанды.
Қару-жарақ қоймасы емес солдаттар жүретін батальон аумағында жарылғыш зат неге жатыр @modgovkz ❓
Жақында ғана 20-ға толған Асқардың борышын өтеп жатқанына 6 ай болған. Өзі Түркістан облысының Келес ауданынан. Отбасындағы 7 баланың үлкені. Артында ата-анасы мен 6 інісі аңырап қалды. Енді мен қалған 6 ұлымды Отан қорғауға қалай жіберемін дейді бүгін тұңғышын жер қойнына тапсырған анасы Жанат.
Қалыпты нормадай Солдаттардың сұрауы жоқ болуы қорқынышты…
Айтпақшы, дәл осы 25744 ә/б басынан дау кетпей тұр.
14 әскери, білікті-білімді офицерлер сотталып жатқанын білесіздер.
1 жылдан аса созылған тергеу мен сот шешіміне наразы жақ апелляцияға берген еді. Бүгін Астанада апелляциялық сот.
Үміт етіп жарын күткен 13 әйел, баласын сағынған 28 ата-ана, әкесінің иісін аңсаған 50-ден аса бала әділ Үкім күтуде.
Жас сарбаздар жарылыстан өлуде, офицерлер сотталуда, сонда кім қалды әскер басында???", - деп жазды журналист.
Қайғылы оқиғаға байланысты Гүлмира Әбіқай тараздық экс старшинадан сұхбат алған.
"Біз старшина кезде солдаттарды тәрбилегенде бірінші қару-жарақпен таныстырамыз. Ол қалай жарылып кетеді? Демек, бұл жерде былық бар. Қару, жарылғыш зат көшеде жатпайды, арнайы заңды орынында сақталады. Бұл жерде жоғары басшылықтан бастап салғырттық, немқұрайлық бар", - дейді экс старшина.