”Тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады”: Асанәлі Әшімов әулетінде тағы бір қаралы хабар

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жылап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. Аңсарым мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір әрі қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. Алла енді жылатпасын. Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын”, - деп жазды Бағдат Әшімова.