Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Спортшы Дохада (Катар) өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде жолдамаға ілікті.
Дмитриенко «трап» бағдарламасы бойынша сәтті өнер көрсетті. Осылайша, Мария стенд атудан Қазақстаннан лицензия алған алғашқы спортшы.
Айта кетелік, Дохада Қазақстан намысын 21 мерген қорғап жатыр. Турнир 29 сәуірде аяқталады.