Тағы бір қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасын аяқтады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қоңқабаев 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, испаниялық Айюб Гадфа Дриссиге есе жіберді. 

Алғашқы раундта Қамшыбек  3:2 есебімен алға шыққан. Екінші кезеңде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берді. 

Ал соңғы, шешуші раундта жеңіс қазақ боксшысына берілгенімен, жалпы жекпе-жекте жеңіс испандық боксшының еншісінде кетті. 

Осылайша, Дрисси ширек финалға өтті. Бұған дейін қазақстандық Асланбек Шымбергенов жарысты аяқтаған болатын.