Тағы бір қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасына іріктеуден өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нысана көздеуден Қазақстан командасының қоржыны тағы бір Олимпиада жолдамасымен толықты. Халықаралық спорттық оқ ату федерациясы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша олимпиадалық рейтингті жаңартты. 

Нәтижесінде, қазақстандық Ирина Юнусметова 10 метрге  тапаншамен нысана көздеуден квотаға ие болды. 

Айта кетелік, нысана көздеуден Қазақстан командасы танымал спортшы Ольга Довгун жаттықтырады.