Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы өңір әкімдігі редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында айтты.
Халықаралық қарттар күніне орай өңірде әлеуметтік қолдау шаралары аясында зейнеткерлер мен қарттарға арналған түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қала және аудан әкімдіктері, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының ұйымдастыруымен азық-түлік себеттері таратылып, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар облыстың бірқатар елді мекендерінде 70 және 75 жастан асқан қарттарға біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарланған. Бұл көмек жергілікті мәслихаттардың шешімімен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінеді.
🔹 Жалпы төлем сомасы – 1 006 490 000 теңгені құрайды.
🔹 Бұл бастама бойынша облыс бойынша 51 648 зейнеткер қамтылмақ.
Материалдық көмек мөлшері мен қамтылған азаматтар саны өңірлер бойынша келесідей:
Еске салсақ, Астанада 1 қазан – Қарттар күніне орай 100 мыңнан астам зейнеткерге 2,5 АЕК шамасында, яғни шамамен 10 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек берілді.
Қарттар күні – тек мереке ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын еске салып, үлкендердің ақыл-кеңесі мен өнегесінің қадірін түсінуге шақыратын маңызды сәт. BAQ.KZ тілшісі өңірлерде Қарттар күніне орай зейнеткерлерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін зерделеп көрді.