Осы орайда әскерилерге "заң мен тәртіпті сақтау үшін" анағұрлым кеңірек өкілеттік берілген.
Таиландта наразылық акцияларының тоқтамай отырғандығына жарты жылдан асты, олардың ойы, қазіргі үкіметті құлату. Соңғы айларда наразылық акциялары кезінде 28 адам қаза болған. Мамыр айының басында оппозиционерлер елдің премьер-министрі Йинглак Чинаваттың отставкаға шығуына қол жеткізді.