Таиланд еліндегі зілзала аймағынан Алматыға 11 адамы бар екінші ұшақ келді. Үш Қазақстан азаматының тағдыры әлі де белгісіз

ҚР СІМ-нің консулдық қызметі департаментінің ақпаратына сәйкес, Пхукет аралындағы ауруханада еліміздің бес азаматы, соның ішінде екі бала жатыр. Үш Қазақстан азаматының тағдыры әлі де белгісіз. Олар қаза тапқандар арасынан да табылған жоқ.

Туристердің ата-аналары Астанадағы 8-3172-32-75-46, Алматыдағы 8-3272-70-30-97, Бангкоктегі 8-10-662-234-63-65 санды шұғыл телефондар бойынша анықтама алуына мүмкіндік бар.