Таиланд Қазақстандағы мұнай кеніштерін игеруге мүдделі

Келіссөздер қорытындысы бойынша қол қойылған хаттамаға сәйкес, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық саласы бойынша телекоммуникация, құрылыс және агроөнеркәсіптік кешен бағыттарында бірлескен кәсіпорындар құруға баса назар аударылады. "Бұл салаларда Қазақстанның ұлығаусар мүмкіндіктеріне көз жеткізген Таиландтың жеке бизнесі тарапынан үлкен қызығушылық танытылып отыр",- деді С. Сатиратай. Осыған байланысты екі ел арасында өзара іскерлік өкілдер алмасу туралы байлам жасалды.

Сондай-ақ, Таиланд екі ел арасындағы туризмді дамытуға ықылас білдіруде. Бұл саладағы ынтымақтастықты ынтыландыру үшін жеке келісім-шартқа қол қоюға мүмкіндік бар, деді С. Сатиратай. Туризм саласын дамыту үшін Корольдік қазақстанның әуе компанияларына айрықша құқық беруге әзірлік танытып отыр.
Министрдің айтуынша, келіссөздер кезінде екі ел арасындағы маңызды құжаттарға қол қою шарасын тездету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Олардың арасында қосарланған салықты болдырмау туралы келісім, туризм саласындағы келісім мен инвестициялар туралы келісімдер бар. "Біз бұл құжаттарға ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005-жылға белгіленген Таиланд сапары барысында қол қоюды көздеп отырмыз",- деді Таиланд сыртқы істер министрі.