Таиланд туристерге арналған аралдарының бірін жаппақ


Аталмыш арал Пхангнга провинциясының аумағында орналасқан және Симилан ұлттық саябағы құрамына кіреді. Бұған соңғы уақыттары Тачайдың табиғатына туристердің кесірінен біраз залал келтірілуі себеп. Сондықтан енді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Негізі мамыр мен қазан айлары аралығында Таиландтың барлық ұлттық саябақтары жабылады. Бірақ Тачай енді туристерді қабылдамайды.