Таиланд үкімет басшысы 2005-жылы Қазақстанға келмекші

Бангкокте болған келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Таиланд арасындағы екі жақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ықпалдастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқылады.

Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы көшбасшылық ролін атап өткен Таиланд үкімет басшысы өз елі үшін Қазақтанның аймақтағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі екенін тілге тиек етті.
Таиланд жағы Қазақстанға Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту ісіне қолдау көрсетуге дайын. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге, соның ішінде қосарланған салықтан босатуға бағытталған нормативтік-құқықтық базаны нығайтуға уағдаластық жасалды.
Тараптар бұған қоса халықаралық сахнадағы көкейкесті тауқыметтерді де сарапқа салды.
Таиланд сапары барысында Қ.Тоқаев Таиланд үкімет басшысның орынбасары Чатурон Чайсангамен және өзінің Таиландылық әріптесі Кантати Супамонгконмен кездесіп, екі жақты және көп форматты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.