Таиландта біржынысты некені заңдастыратын заң күшіне енді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Таиланд королі Маха Важиралонгкорн қыркүйекте парламент қабылдаған біржынысты некені заңдастыратын заңға қол қойды. Заңда некені бұрынғыдай ер мен әйелдің емес, екі адамның одағы деп көрсеткен. 

“Сіз қай жыныстың өкілі болсаңыз да, кімді жақсы көрсеңіз де, махаббат шекараны білмейді. Барлығының құқығы бірдей заңмен қорғалады”, – дейді елдің премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чиннава.

Қолданыстағы нормативтік актінің мәтінінде "ер" және "әйел" сөздері "бірінші жақ" және "екінші жақ" деп өзгертілген. Бұл заңда азаматтық кодекстің некенің де, оның бұзылуының да, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне иелік ету және оған билік ету мәселелерін реттейтін баптарына қатысты бірқатар өзгерістер қарастырылған.